Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік шараға аудандағы іргелі ұжым «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы да қатысты.
Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына арналған «Ел теңдігін аңсаған Исатай батыр» облыстық ғылыми-практикалық конференцияда тарихшылар тақырып аясында жұртшылыққа жақсы таныс ғылыми деректермен қоса, жұртына бостандық таңын сыйлауды мақсат еткен батыр бабамыздың әлі кең таныла қоймаған қырларына да тоқталды. Исатайтанушы ғалымдар да қолға алынып жатқан ғылыми еңбектер туралы да кеңінен айтып өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияда сөз алғандар, тарихшылар, исатайтанушы ғалымдар, көзі қарақты қарапайым оқырмандар қауымы 1836-1838 жылдарда ұлт-азаматтық көтерілістің ұйымдастырушысы болған Исатай Таймановтың еліне, жеріне жасаған ерлік істеріне ерекше мән беріп, ұлт батырының есімін ұлықтап, бүгінгі ұрпаққа таныстыру, келешекке аманаттауды міндет еткен шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.