Тараптар IT-жобаларды дамыту саласындағы серіктестік пен адам капиталын дамыту жайында талқылады. Бұл жоспарлар Қазақстанның Орталық Азия елдерінде бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді.
EPAM Systems – бағдарламалық жасақтамаларды әзірлеу және IT-консалтинг қызметтерін ұсынатын және нарықтық капитализациясы $11 млрд-тан асатын әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.