Ал команда мүшесі Тимур Бұламбаев жарыстың үздік ойыншысы атанды.
Нұрлан Жақыпов әріптестерді құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
Естеріңізге сала кетсек, демалыс күндері «Самұрық-Қазына» тобында Спартакиаданың Суперфиналы өтті.
Оған 850 адам қатысып, рекордтық көрсеткіш орнатты. Ең мықты команда деп «Қазақстан темір жолы» құрамасы атанса, күмісті – «ҚазМұнайГаз», қола жүлдені – «Самұрық-Энерго» ұйымы иеленді.