2026 жылы бағдарламаның 7-ші легі басталды. 960 өтінімнің ішінен 12 финалист іріктелді. Бағдарлама аясында жас мамандар Корпоративтік орталықта және «Қазатомөнеркәсіп» кәсіпорындарында тәжірибелі тәлімгерлердің – атом саласының жетекшілері мен сарапшыларының жетекшілігімен үш ротациядан өтеді. Ротациялар арасында қатысушылар кәсіби және тұлғалық-басқарушылық құзыреттерін дамытуға бағытталған арнайы оқытудан өтеді. «IZBASAR» – мамандықта алғашқы қадам жасап, өз әлеуетін жүзеге асыруға және атом саласында мансап құруға мүмкіндік беретін бағдарлама.