Ол еңбек жолын сексенінші жылдары геологиялық барлау тресінде бұрғылаушы көмекшісі болып бастаған. Жас және өршіл мұнайшылар толқыны аймақтың әлі ешкім зерттемеген жерлерінде барлау мен бұрғылау жүргізді. Олардың қажырлы еңбегінің арқасында мұнай өнеркәсібі аяққа тұрып, бүгінде ел экономикасының локомотивына айналды.
«Қаражанбастағы ұзақ жылғы қажырлы еңбектен кейін біз өндірістің қалай қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Жас кен орны жылдан жылға өсіп келеді, жаңа мұнай қабаттарын ашады, өз жұмысшыларының жағдайын жақсартып, нысандар салады. Қай цехта болсақ та, бәріміздің мақсатымыз бір – мұнай өндіру деңгейін және Отанымыздың әл-ауқатын арттыру», – дейді кейіпкеріміз.
Күбірбай Азмағанбетовтың әріптестері оның нағыз жігерлі адам екенін айтады. Құрметті демалысқа шығу алдында тұрған баға жетпес тәжірибеге иесі қиын да құрметті мамандық туралы мақтанышпен әңгімелейді. Саланың ізгі дәстүрлерін жалғастырған слесарь-жөндеуші цехқа жұмысқа келетін барлық жастар үшін тамаша тәлімгер.