Арнайы киім, аяқ киіммен қамтамасыз ету жүйесі жаңа, қазіргі заманғы сервистік модельге өтіп жатыр. Бұл дегеніңіз, орталық қоймаға аяқ киім мен арнайы киімнің түсуі, қызметкерлерге таратылуы, жуу, химиялық тазалау, өлшемге сай келтіру және кәдеге жарату цифрландырылуда: әрбір киім жиынтығы қызметкерге тиесілілігі бойынша чиптелмек.
"Жоба аясында қоймалар ұйымдастырылып, еңбеккердің әрқайсына дәл келетін өлшемдерді анықтау, химиялық тазалауға беру және ұсақ жөндеуге арналған бөлме дайындалады. Осылайша, қызметкерлер жұмыс орнында қауіпсіз қызмет атқару үшін жедел түрде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі", делінген "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің хабарында.
Орталықтың жанынан барлық талаптарға сай құжаттарды сақтауға арналған орталықтандырылған мұрағат орналасып, онда зауытты жаңғыртудың 3 кезеңінің барлық құжаттары сақталмақ.
Қазіргі таңда құрылысшылар "Jeti Qazyna" жобасы аясында, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес, ғимараттарды жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Мәселен қабырғаларды, төбе мен еденді, инженерлік коммуникацияларды жаңарту сынды жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат қатаң түрде корпоративтік мәнерде әрленбек.
"Jeti Qazyna" жобасын іске асыруды осы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.