2026 жылғы 20–25 наурыз аралығында өткен «Jibek Joly» халықаралық туристік пойызы өз сапарын сәтті аяқтады. Бағыт Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан аумағын қамтып, алғаш рет Душанбе қаласына дейін ұзартылды.
Маршрут Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы бағытында жүзеге асырылып, Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасын және өңірдің заманауи келбетін бір арнада тоғыстырды. Сапарға 400-ден астам турист қатысты. Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен, «Өзбекстан темір жолдары», «Тәжікстан темір жолдары» және «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.