Атап айтсақ, қазір ҚСТЗ орталықтандырылған электр энергиясына толық қосылған. Технологиялық жабдықтың бір бөлігі әртүрлі режимдерде сынақтан өткізіліп, іске қосылды. Бас инженердің айтуынша, анықталған кемшіліктер бірден ретке келтірілді. Резервуарларға су беріліп, технологиялық схема бойынша іске қосылды. Бұдан бөлек, химиялық реагенттер беретін негізгі желілерді монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысанды тез арада аяқтау және іске қосу үшін ҚБМ өз тарапынан қажетті жағдай жасау арқылы мердігер ұйымдарға жан-жақты қолдау көрсетуде.
«Қазір біз нысан аумағында жұмыстың жанданғанын көріп отырмыз. Кестеге сәйкес іске қосу кезеңін бастадық. Өз тарапымыздан қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтау қажеттілігін тағы да еске саламыз, өйткені бұл компанияның негізгі қағидаты», – деді ҚБМ Басқармасы.
Жұмыс топтарының есебін тыңдаған соң, басшылық қауіпсіздік техникасы мен сапа стандарттарын қатаң сақтай отырып, қалған жұмысты жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ҚБМ Басқармасы зауытты белгіленген мерзімде сәтті және уақтылы пайдалануға беру үшін жобаның барлық қатысушыларының күшін біріктіру қажеттігін атап өтті.