Әріптестері Ертас Бектасұлына зор денсаулық, амандық және өмірдің жаңа кезеңіне өтуде жақсы көңіл-күйде болуын тіледі.
Ертас Бейсбеков өмірінің 46 жылын болат магистральға арнады. Еңбек еткен жылдарында ол өзін жоғары білікті және жауапты маман ретінде көрсете білді. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Қатынас жолдарының инженері» мамандығы бойынша бітірген. Темір жол көлігіндегі мінсіз қызметі өндірістік учаскелерде слесарь-аспапшы лауазымынан басталды.
Маневрлік посттың белгі берушісі, қабылдап-тапсырушы, төбешік бойынша кезекші, пойыздық диспетчер болып жұмыс істеді. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тау жыныстарын тиеу және түсіру бөлімін, станцияны, үйлестіру департаментін басқарды. Соңғы жылдары «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Көпжылғы адал еңбегі үшін «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медальдарымен, теміржол саласының жоғары наградасы – «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған.