К 30-летию Независимости Казахстана | 01 маусым 07:53

Кәсіподақ кездесуі: ынтымақтастық мәселелері қаралды

Әлеуметтік әріптестікте өзара іс-қимыл жасау мақсатында «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы «Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ өкілдерімен тоқсан сайынғы кездесуі өтті.

Күн тәртібінде жетінші кездесудің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ еңбек, әлеуметтік және өндірістік бағыттарға қатысты сегізінші кездесудің бірқатар мәселелері қаралды.

 

Кәсіподақ Қоғамда жасалып жатқан жұмыстың жай-күйімен және алдағы жоспарлармен танысты. Кездесу барысында бірқатар жұмысшының қызметтік дәрежесін арттыру, спорт алаңдарын жөндеу, қызметкерлерді қауіпсіздік техникасын сақтауға шақыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының жұмыс берушімен және жұмысшылармен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері көтерілді.

Екіжақты кездесу қорытындысы бойынша хаттама жасалып, айтылған барлық мәселелер мен ұсыныстарды орындау қоғамның бөлімшелеріне тапсырылды. Кәсіподақ өкілдері бірлескен және келісілген жұмыстарды жүргізуге дайын екенін білдірді.