Алғаш болып сөз алған бас директор Ли Тецян мен бірінші орынбасар Қуанышбай Нұрғалиев кәсіподақ комитетінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ қатысушылардың еңбек қызметі аясындағы одан әрі өзара іс-әрекетіне қатысты пікірін тыңдады. Кәсіподақ комитеттері өндірістік және кадрлық-әлеуметтік салалардағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Ашық диалог принципін сақтай отырып, жауапты бөлімшелердің басшылары сұрақтардың басым бөлігіне нақты жауаптар берді. Жеке қарауды талап ететін кейбір аспектілер бойынша жетекшілік ететін мамандармен қосымша кездесу туралы шешім қабылданды.
«Жаңа кәсіподақ комитеті жас, болашағы зор және жігерлі жұмысшылардан тұрады. Біз сіздерге үлкен үміт арта отырып, идеялар мен ұсыныстарды қолдаймыз. Сіз басшылық пен еңбек ұжымы арасындағы сенімді көпір болып табыласыз. Сондықтан жұмысшыларды өзгерістер және қабылданған шешімдермен хабардар етіп отыру маңызды. Кез келген мәселені бізбен бірге әрбір пікірді талқылай отырып шешуге болады. Бәріміздің басты мақсатымыз – өнімділікті арттыру, қызметкерлердің жағдайын жақсарту және компанияны жан-жақты дамыту», – деді ҚБМ басқармасы.
Жиналыс барысында басшылық барлық мәселелерді жедел шешу үшін сындарлы диалогқа дайын екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ұжымды бір болуға шақырып, өзара коммуникацияларды нығайтатынына сенім білдірді.