К 30-летию Независимости Казахстана | 09 қазан 17:43

Кәсіподақ күніне арналған тимбилдинг

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясында Қаламқас кен орнында «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ жұмыскерлері арасында ауқымды тимбилдинг өтті. Аталған іс-шараны «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитеті ұйымдастырды.

Жарыстың негізгі мақсаты - ұжымның бірлігін нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Тимбилдингке сегіз команда қатысты, олар бір-бірімен: «Старт», «Логотип», «Обруч», «Плед» және т.б. сияқты түрлі байқауларда бақ сынасты Түрлі корпоративтік ойындар мен тапсырмалар қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл-күй сыйлады.

Нәтижесінде «Тұран» командасы тимбилдингтің жеңімпазы атанды, екінші орынды «Факел» иеленіп, «Достық» командасы жүлделі үштікті жапты, сонымен қатар төртінші орын алған «1-ҚМГ» ойыншылары ынталандыру жүлдесімен марапатталды.

 

Жарысқа қатысушылар осы іс-шараны ұйымдастырған Қоғамның Кәсіподақ комитетіне үлкен алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта мұндай ойындар жиі өткізілетініне сенім білдірді.

P.S. Жақында осындай тимбилдинг «Жетібаймұнайгаз» ӨБ жұмыскерлері арасында да болып өтті: оның жеңімпаздары сәйкесінше бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп алған «Нұр», «Каспий Маржаны» және «Каспий» командалары болды. Осындай тимбилдинг жақын арада «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ (II вахта) мұнайшылары мен Ақтаудағы орталық кеңсе жұмыскерлері үшін де өткізілетін болады.