Арнайы аяқ киімді жеткізу ұзақ мерзімді шарттар жасалғаннан кейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бүгінгі күні орталық қоймада және серіктестіктің арнайы киімінің салонында арнайы аяқ киім мен арнайы киімнің қажетті қоры бар. 2018 жылы жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шартына сәйкес арнайы киімнің резервтік қорлары үнемі толықтырылып отырады. Егер қолда бар стандартты көлемдегі арнайы киім жұмыскердің параметрлеріне сәйкес келмеген жағдайда, «ТAILOR-S» тігін фабрикасы» ЖШС-да оны жеке тігуге тапсырыс ресімделеді.
Қызметкердің арнайы киімді уақтылы алуына ештеңе кедергі келтірмейді, ол тек тікелей басшыға алдын ала өтініш беруі керек.
Арнайы киімді есепке алуды автоматтандыру үшін компанияда «1С8: Кәсіпорын 8.3» платформасында «Арнайы киім мен мүкәммалды есепке алу» бағдарламасы енгізілуде екендігін айта кету керек.
Жаңа жүйенің ерекшелігі, ол арнайы киімнің қоймаға келіп түсуінен және пайдалануға берілуінен бастап құнын есептен шығаруға және құнын өтеуге дейін қозғалыс үдерісіне ашықтық береді. Сонымен қатар, онда жұмыс киімдерін сатып алумен айналысатын коммерциялық дирекцияның менеджері де жұмыс істей алады.