К 30-летию Независимости Казахстана | 19 шілде 20:20

«Қаламқас Хазар Оперейтинг» ЖШС Қоғамдық тыңдау өткізді

Бүгін, 19 шілде күні,  Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында  «ҚазМұнайГаз» АҚ мен ЛУКОЙЛ мекемелерінің бірлескен кәсіпорны - «Қаламқас Хазар Оперейтинг» ЖШС компаниясы Қоғамдық тыңдау өткізді. 

Аталған тыңдау ауданда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиынға «Қаламқас Хазар Оперейтинг» ЖШС Бас директоры Құрманғазы Есқазиев, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров, аудандық маслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары мен ауыл белсенділері қатысты.

 

4 сағатқа созылған жиында аудан тұрғындары көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салды. Әсіресе жұмыссыздық  пен экологияға қатысты сұрақтар бойынша «Қаламқас Хазар Оперейтинг» ЖШС Бас директоры Құрманғазы Есқазиев тұрғындарға нақты әрі толық жауап берді.