"Жедел штаб құрылып, оның құрамына Төтенше жағдай департаментінің өкілдері, экологтар, тәртіп сақшылары, өндірістік қауіпсіздік мамандары, ҚМГ, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "СиБУ" ЖШС және Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері кірді.
Төтенше оқиға орнында 80 маман, 25 түрлі техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда, пайда болған грифондар жабылып, газ-су аралас табиғи бұрқақтың жер бетіне шығуы тоқтатылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі сәтте қайта қалпына келтіру үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мамандар алдағы уақытта осындай төтенше жағдайлар қайталанбас үшін жан-жақты сараптамалық жұмыстарын жүргізетін болады", делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, төтенше жағдайды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауында ұстады.