Сәрсенбі, 2021 жылғы 1 желтоқсан күні таңғы сағат 7.00 шамасында, таңғы ауысым кезінде «Oil Services Company» ЖШС, «Қаламкасмұнайгаз» өндірістік басқармасы және қосалқы мердігерлік қызмет көрсететін «Бозашы Транс Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерінен құралған топ айлық жалақыны көтеру және кәмелет жасқа толмаған балаларға вакцина салудан бас тарту туралы талаптарын жариялады.
Дегенмен, бұл кезде «Қаламқас» кенорнындағы өндірістік жұмыстар тоқтаған жоқ.
«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының басшысы Н. Сәрсенбай және мердігер мекмелер басшылары жиналған мұнайшылармен кездесіп, сұхбат өткізді. Кездесу нәтижесінде қызметкерлер өздері жариялаған талаптар бойынша жазбаша өтініш жасақтайтын болды. Одан ары мұнайшылар өз қызметтік міндеттерін орындауға оралды.
Қазіргі таңда «Қаламқас» кенорнындағы барлық өндірістік нысандар қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұр.