Талай мұнайшының өмір жолына куә болып, сан алуан тағдырлардың түйіскен ортасына айналған Қаламқас қалашығы тек еңбек ордасы емес, нағыз рухани мекенге айналды. Бұл жерде тек мұнай игерілмейді, өмірге деген құштарлық, достық пен ерлік, адалдық пен жанқиярлық сынды қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Мұнайшылар жатақханаларының сырты қазақ ғұламаларының ұранды сөздерімен өрнектелгені қалашықты одан әрі әрлей түскендей. Тарихи тұлғалардың парасатты ойлары, нақыл сөздері күнделікті тірліктің мәніне тереңдік қосып, мұнайшыларға шабыт беріп, жігер сыйлары анық. Қалашықта еңбек етіп жүрген жастар, бабалардан қалған рухани мұраны жаңғырта отырып, болашаққа сенімді көзқарас қалыптастырады.
Муралдардағы ұлы ойшылдардың бейнелері мен сөздері оларды күн сайын өз істеріне адал болуға, қиындықтарға мойымауға, ерлікке жетелейді. Жас мұнайшылар рухтанып, ақындардың жырларын оқып, ертеңгі күнге сеніммен қарап, өз болашағын қалыптастырып жатыр.
Қаламқас – тек мұнай өндіру орталығы емес, еңбектің қадірін, дәстүрдің тереңдігін ұғындыратын, өткеннің мұрасын бағалап, болашаққа бағдар беретін қасиетті орын.