«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жауапты қызметкерлері Ақтау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарымен бірлесіп Қаламқас кен орнында болды.
Басты мақсат – мұнайшыларға Кірістер мен активтерді декларациялау мəселелері бойынша түсіндіру жəне консультациялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Мамандар Қаламқас кенорынының өндірістік нысандарын аралау арқылы мұнайшыларға декларация толтыруға жəрдемдесіп, көмек көрсетті, қызметкерлерді толғандырған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді.
Көптеген мұнайшылар осындай мүмкіндікті пайдаланып, телефондарына арнайы eSalyq Azamat атты электрондық бағдарламаны жүктеп алып, 250 нысан бойынша декларацияларын тапсырып жатты.
Декларацияны тапсыру мерзімі қағаз жетгізгіште ұсынылған жағдайда – үстіміздегі жылдың 15-ші шілдесінен, ал электрондық түрде ұсынылса – 15-ші қыркүйегінен кешіктірілмеуі керек екенін әріптестеріміздің есіне саламыз.