Аталған байқауда Алтынбек Сарғожаев, Ермұхан Жамансарин, Мархабат Бигелдинов, Жұмабай Ақмұрзаев, Талғат Жакупов сынды әріптестеріміз жетекшілік ететін «Қаламқас» вокальды –инструментальды ансамблі эстрадалық музыка жанры бойынша жүлделі 1-орынды еншіледі.
Жылына 1 рет өтетін өнер сайысы әр ауданның кіл мықтыларын сынға салатын нағыз өнер додасына айналғалы қашан. Бүгінде өндірісте жүріп өнердің саңлақтарына айналып үлгерген әріптестеріміздің қоржынында жүлде қоры жетерлік. 14 номинацияны қамтитын фестивальда топ жарған әріптестерімізді құттықтай отырып, шығармашылықтарына шабыт тілейміз.