Жиынды «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев ашты. Кездесуде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасарлары қоғамның өндірістік көрсеткіштері, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы, экономикалық-қаржылық көрсеткіштері, адами ресурстарын басқару жұмыстары, әлеуметтік мәселелер бойынша баяндамалар жасады. Кездесуде қойылған мұнайшылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді, сұрақтардың шешілуі қоғам басқармасының бақылауына алынды.
Бағдарлама «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ орталық офисінде өндірістік басқарма басшыларының және цех бастықтарының қатысуымен өткізілген жиынмен жалғасты. Бұл жиында кенорынның өндірістік және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері турасында әңгіме қозғалды, Қаламқас кенорнының қазіргі жағдайы мен перспективасы, сондай-ақ түйткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Жиыннан соң бас директор, Қаламқас кенорнындағы қоғамның бірқатар цехтарын аралады, өндірістік ғимаратар мен қондырғылардың, сонымен қатар кенорнындағы әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.