Қаламқас кенорнында 1997 жылы ашылған тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау полигоны 20 жылға жуық жұмыс істеді. 2016 жылы полигон жабылып, қалдықтарды қабылдау тоқтатылды. Бір жылдан кейін қалдықтарды кәдеге жарату жұмыстары басталып, олар екі онжылдықта көп жиналды.
Бүгінде ауданы 3,5 га полигон аумағы толығымен тазартылды. Техникалық қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ағаш отырғызу үшін топырақ дайындалды. Тамшылатып суару жүйесін монтаждау жұмыстары қолға алынып, суару үшін Қаламқас кенорнының кәріз тазарту құрылыстарынан тазартылған суды пайдалану жоспарлануда.
Ботаникалық бақ мамандары ағаш отырғызуға көмектесіп қана қоймай, алдағы үш жыл ішінде жасыл желектердің өсуін қадағалайтын болады (1100 сексеуіл және 300 жыңғыл көшеттері отырғызылды).
Биылғы жарты жылдың соңына дейін полигонды қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталып, нысан мемлекеттік органдардың балансына беріледі деп күтілуде.
«Соңғы алты жылда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 9 полигонда жиналған қалдықтарды тазалау, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша жоспарлы жұмыс жүргізді, - дейді ЕҚжҚОҚД қоршаған ортаны қорғау және парниктік газдар қызметінің басшысы Жаннат Екібаева. - Барлық полигондар тазартылып, теңгерімнен алынып, мемлекеттік органдарға тапсырылды. Осылайша, компания Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің алдындағы барлық міндеттемелерін орындады. Алайда бұдан да маңыздысы, болашақ ұрпақтарымыздың алдындағы міндеттемелеріміз бар - біз ұрпақтарымызға таза және қауіпсіз орта қалдыруымыз керек. Сондықтан экология мәселелері ешқашан күн тәртібінен алынбайды және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшылығының ерекше бақылауында болады».