Жексенбі күні соңғы медальдар жиынтығын шахматшылар ойнады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шахматшы А.Әбішев (МГӨЦ-3), күміс медаль К.Әленов (МГӨЦ-2), жүлделі үштікті А.Қапанов (МГӨЦ-3) жапты.
Үстел теннисінен турнирде А.Бекмұханов (МГӨЦ-2) жеңіске жетті, екінші орынды О.Сизов (ПҚЖПЦ), ал А.Назаров (ТСДЦ) қола медаль алды.
Бұдан сәл бұрын - жұма күні шағын футболдан жарыс жеңімпаздары анықталды. Естеріңізге сала кетейік, тоғыз команда үш топқа бөлініп, жеңімпаздары өзара чемпиондық кубокты ойнатқан болатын. Нәтижесінде МГӨЦ-4 футболшылары чемпион атанды, МГӨЦ-3 мұнайшылары күміс медальға ие болды, ПҚЖПЦ командасы үшінші сатыға көтерілді.
Шағын футболдан жарыстың үздік қақпашысы болып Ж. Байтұрғанов (МГӨЦ-2), үздік ойыншы болып Ж.Құлшықов (МКДжАЦ) танылды, ал төрт ойында алты гол соққан Х.Боранбаев (ГСВ) үздік бомбардир атанды.
Сондай-ақ, 27-28 наурызда волейболдан жарыстар өткенін еске саламыз: финалда МГӨЦ-4 спортшыларын жеңген ҚҚҰЦ командасы жеңімпаз атанды, қола жүлдені МГӨЦ -2 ұжымы иеленді.
Волейбол турнирінің қорытындысы бойынша «үздік либеро» аталымы бойынша жүлде М.Желдібайға (МГӨЦ-2), М.Алигулов (МГӨЦ-4) үздік пас беруші спортшы атанды, ал С.Айжарықов (ҚҚҰЦ) жарыстың үздік ойыншысы атанды.
Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар, медальдар мен кубоктар табысталды.