Шара «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ тарапынан «тарихи» мұнай қалдықтары полигондары мен топырақ үйінділерін жою, жер бедерін тазарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бағытында арнайы жүргізілген жұмыстардың бірінші кезеңінің аяқталуына арналды. Атқарылған жұмыстар туралы Компания бас директорының бірінші орынбасары Қалбай Әжімбайұлы Ізмұханов кеңінен тоқталып, көшпелі жиынға қатысушы азаматтрдың сұрақтарына жауап берді.
«Аталған жұмыстарға 2019 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы мен Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі арасында жасалған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум жаңа серпін берді. Нәтижесінде, Компания тарапынан жасалған тұрақты қаржыландыру мен жаңа технологияларды жұмылдырудың арқасында Компанияның келісімшарттық аумақтарында орналасқан жалпы көлемі 6,5 гектар болатын мұнаймен ластанған «тарихи» топырақ үйінділері мен 10 полигон жойылып, олар орналасқан жер телімдері тиісті сынамалардан кейін мемлекеттік бақылау органдарына тапсырылды. Тазартудан өткен топырақтың құрамындағы көмірсутегі заттарының қалдық үлесі қазір 1000 мг/кг көрсеткіштен аспайды. Бұл қалыпты жағдай. Бұл жұмыстардың түпкі мақсаты қолайлы қоршаған ортаны сақтау болып табылады», – деді ол.
«Жетібаймұнайгаз» ӨБ ғимаратында өткен дөңгелек үстел форматындағы кездесуден кейін шара қатысушылары тазартылған жер телімдерін көріп, жұмыстардың оң нәтижесімен көзбе-көз танысуға мүмкіндік алды. Осы орайда баспасөз турына қатысқан «Табиғи орта» Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясының төрағасы, «Ecojer» республикалық қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі, тәуелсіз эколог, биолог Әділбек Қозыбақов Компания атқарған жұмыстар туралы өзінің ойын былай деп жеткізді:
«Бүгін «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына тиесілі Жетібай кенорнын аралап, Кеңес заманынан қалған мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарды тазарту жұмыстарымен таныстық. Шынын айту керек, жасалып жатқан жұмыстар мақтауға тұрарлық деңгейде. Сондай-ақ, компанияның осы тұрғыда ұстанған «ашықтық» позициясы да қуантады. Жақсы әсердеміз. Енді осы үрдісті өзге де мұнай компаниялары жалғастырса екен деген лебізім бар. Жұмыстар осы қарқында жалғаса беретін болса, жер бедері толық тазаланып, қалдықтардан босаған телімдерді басқа да мақсаттарға қолдануға болар еді».
Баспасөз турына «ЭКО-Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирил Осин мырза да қатысты. Оның айтуынша Компания тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар экологиялық талаптар мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамалардың баптарына толықтай сай келіп тұр. Сондай-ақ Компанияның жасалған жұмыстар нәтижесін өлкенің БАҚ өкілдері мен тәуелсіз эколог мамандарға таныстыру туралы бастамасы да құптарлық іс.
Жиын барысында шара қатысушыларына алға қоайылған жұмыстардың жоспары да жария етілді. Қалдықтарды жою жұмыстарын аяқтау 2024 жылға бекітілген. Кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жұмыстар барысында тағы да жалпы көлемі 40 гектарға жуық жерді құрайтын қалдықтарды жою көзделіп отыр. Бұл туралы Компания қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің қоршаған ортаны қорғау қызметінің бастығы Жаннат Егізбайқызы Екібаева айтып берді:
«Биыл қалдықтарды жою жұмыстарының бірінші кезеңі мәресіне жетті. Келесі кезеңнің мердігерлері жуырда өтетін сатып-алу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болады. Оларға қойылатын талаптар да өзгеше болмақ. Мәселен, бұдан былай ластанған топырақты тазалаумен айналысатын мердігерлердің өндірістік базалары мұнай кәсіпшлігінің аумағында орналасытан болады. Бұл өз Компания тарапынан болатын бақылау жұмыстарын да күшейтуге мүмкіндік береді».
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы экологиялық қауіпсіздік мәселесі тек қана Компания қызметіне емес, жалпы қоғамның бақуатты болуына тікелей әсер ететін мәселе деп біледі. Сондықтан, ескі полигондар мен қалдықтарды жою, мұнай мен газ өндіру процесстерін адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз технологиялармен ұштастыра отырып жүргізуді аса маңызды деп есептейді.