Жылдағы дәстүр бойынша тамыздың алғашқы аптасы кәсіби мерекелерін атап өтетін теміржолшылар арасында түрлі форматта мерекелік шаралар басталып кетті. Кеше Қандыағаш жол дистанциясының қызметкерлері өткізген турнирге жеті команда қатысты. Шара кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмаз Қалиевтің ұйымдастыруымен өтті. Дистанция басшысы Жанат Күшікбаев турнирдің ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.
Турнир қорытындысы бойынша, екінші өндірістік учаске 1-орын, бесінші өндірістік учаске 2-орын, төртінші өндірістік учаскесіне 3-орын бұйырды. Кәсіподақ комитеті жекелеген ойыншыларды да үздік қақпашы, үздік ойыншы, үздік қорғаушы кубоктарымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Турнир соңында бір-бірін құттықтап, көтеріңкі көңіл күйге бөленген жолшылар «достық жеңді» десіп тарасты.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"