Қытайға жүк экспорты өткен жылғы көрсеткіштен 43% асып, 1 млн тоннаны құрады.
Бұл ретте темір рудасының экспорты 19%, астық - 37%, қара металдар - 2 есе, түсті металдар - 2,2 есе өсті. Сондай-ақ жүктерді контейнерлерде тасымалдау экспорты 2,2 есе өсті.

Қаңтар айының соңында Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Екі жақ Топтың ағымдағы бірлескен жобаларының қазіргі жағдайын және ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
