ҚБМ жұмысшылары 100-ден астам қапқа пластикалық және шыны бөтелкелер мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жинады. Маңғыстау облысының дала ландшафы ерекше назарды талап ететініндіктен, мұнайшылардың бұл жерді таңдауы бекер емес.
«Біздің компания қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да ұжыммен сенбілікке жиі шығамыз. Облыс тұрғындарын табиғат аясына шыққаннан кейін, демалған жердегі қоқысты жинауға шақырғым келеді. Өлкеміздің табиғаты ерекше, біз оған қамқорлық танытуға тиіспіз», – деді ҚБМ экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті Мырза Серіков.
Сенбілік «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жариялаған Экология жылы аясында ұйымдастырылды. Тазалық шарасына 30-ға жуық жұмысшы қатысты.