Кейіпкеріміз ғұмырының 35 жылға жуық уақытын Бозашы түбегін игеруге арнаған. Соңғы 20 жыл ішінде ол Қаражанбаста табан аудармай жұмыс істеп, кәсібінің нәсібін көріп келеді. Еңбек жолын мұнай өндіру цехының слесарі болып бастаған Құралбек кейін қызметін операторлық бағытқа бұрып, күн сайын ұңғымалардың жұмысын қадағалап, өндірілген сұйықтық көлеміне қатысты мәліметтерді тіркеуге жауапты. Өндірістік процесті бес саусағындай білетін кәсіби маман ұжымда адал дос, жас мұнайшыларға тағылымды тәлімгер.
«Жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындау – әр маманды шыңға шығарады. Мен де Қаражанбастағы қызметім арқылы елімнің дамуына үлес қосып келемін. Бір шаңырақ астына ісіне адал жұмысшыларды жинаған сүйікті кен орнымыздың болашағы жарқын екеніне кәміл сенемін», - деді ол.
Терең білімі, мол тәжірибесі, асқан жауапкершілігі бар мұнайшылар компанияны табысқа жетелейді. Кейіпкеріміз сияқты өндіріс озаттары сындарлы сәттерде мойымай, қиындықты еңсере білді. Олар кен орнының әлі де қарыштап дамитынына кәміл сенеді.