К 30-летию Независимости Казахстана | 23 сентября 12:38

Қарағанды-Мәскеу пойызы желтоқсанда қайта жүре бастайды

2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Қарағанды-Мәскеу» бағытындағы №83/84 халықаралық жолаушылар пойызы аптасына екі мәрте қатынайтын болады. 

Қарағандыдан сейсенбі және сенбі күндері, ал Мәскеуден кері бағытта жұма және сейсенбі күндері жөнелтілуі жоспарланған.

Пойыз Қарағанды, Астана, Көкшетау, Петропавл, Челябі, Уфа, Самара, Пенза және Мәскеу сияқты ірі қалаларда аялдайды.  

Пойызда купе және плацкарт вагондары, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған.

 

Билеттерді жөнелтуге 45 күн қалғанда bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдардағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ  кассаларынан сатып алуға болады. Тасымалдау ережелері, кесте және билет сатып алу туралы толық ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram аккаунтынан білуге болады.