Кейбір учаскелерде мектепті орналастыру және бас жоспар бойынша ескертулер бар. Мердігерлерге жақын арада барлық кемшіліктерді түзету тапсырылды. Сондай-ақ, жасыл желекті кесу және жылу желілері мен жарық бағаналарын құрылыс аумағынан шығару процесін жеделдету қажет.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қарағанды облысында 18 орта білім беру нысаны салынады. 10 жайлы мектептің құрылысы биыл басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталмақ. Қалған 8 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі.
Ұлттық жобаның арқасында облыс бойынша 12,5 мың қосымша оқушы орны ашылады. Пайдалануға берілгеннен кейін барлық жайлы мектептер жергілікті атқарушы органдардың балансына өтеді, яғни оқыту тегін болады.