Тартысты додада қаражанбастықтар ерекше ойынымен көзге түсті. Командалық байланысты сақтай отырып, тың техника мен әдістерді тиімді қолдану арқасында біздің жігіттер «Намыс-Ембі» және «Намыс-Жетісу» командаларымен болған кездесуді жеңіспен аяқтады. Ал «Өзенмұнайгаз» және «Жаңатас» құрамасымен өткен матчта есеп тең түсті. Өкінішке қарай, ҚБМ футболшылары «Сығанақ» және «Тұран-Хромтаулық» қарсыластарға есе жіберіп алды.
Қорытындыға сәйкес, ҚБМ жұмысшылары ұпай және гол сандары бойынша төртінші сатыға тұрақтады. Футболшылар «Жеңіске жігерлігі» үшін аталымына лайық деп танылып, диплом және кубокпен марапатталды.