Түпқарағандықтарды Құлсары қаласына тасымалдау үшін ҚБМ екі жолаушылар автобусын бөлді. Жүргізушілер барлық қауіпсіздік және жол ережелерін қатаң сақтай отырып, аталмыш азаматтарды діттеген жерге аман-есен жеткізуге жауапкершілік алды.
Атырау облысындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты Түпқараған ауданы мерзімді әскери қызмет атқарған және әскери міндетті болып саналатын азаматтарды оқу-жаттығу жиынына шақырды. Нәтижесінде 77 адам Құлсарыда 17 сәуір мен 1 мамыр аралығында аудан-ауылдарды қалыпқа келтіру жұмыстарына атсалыспақ.
Атап өтейік, Қаражанбас кен орны Түпқараған ауданының аумағында орналасқан. ҚБМ аудандағыатқарушы билікпен үнемі тығыз қарым-қатынастабелсенді жұмыс жүргізіп келеді.