Автомобильдер партиясы көлік қызметкерлерімен қатар, басқа өндірістік бөлімшелердің мұнайшыларына да таратылады. Техникалық қуатты, заманауи жабдықталған жаңа көліктер жұмысшылардың жайлы тасымалдануын қамтамасыз етеді.
«Бұрынғы пикаптар жиі жөндеуді қажет ететін. Техниканы жаңарту біздің жұмыс өнімділігімізді арттырып қана қоймай, еңбек жағдайларын жақсартуға да әсер етеді. Біз өте қуаныштымыз», - деді мұнайшылар.
Айта кету керек, бұл Қаражанбастың арнайы техника паркін жаңғырту бойынша былтыр басталған жұмыстың жалғасы. Аталмыш жұмыстар биыл да қарқынына қарқын қоспақ.