ҚБМ көлік басқармасының Басқарушы директоры Нұрлан Дүйсебеков бұл автопаркті жаңғырту және процестерді автоматтандыру жоспары аясында басталған жұмыстың жалғасы екенін атап өтті. Заманауи бульдозерлер жер қазу, тегістеу жұмыстарын жүргізуге және экологиялық амбарларды өңдеу кезінде топырақты тегістеу үшін пайдаланылады.
Сонымен қатар өндірістік жұмыстар кезінде, ауыр жүктерді тиеп-түсіру үшін қолданылмақ. Жаңа мобильді арнайы техниканы пайдалану жұмыс бригадалары қызметіне жаңа серпін бере отырып, өндіріс үздіксіздігін сақтау мүмкіндігін молайта түседі.
«Жаңа техникалар келіп жатқандықтан көліктердің тоқтап қалу мен жөндеу жұмыстары айтарлықтай азайды», – дейді қызметкерлер.
Айта кету керек, өткен жылдан бері өндірістік база гараждары 70-тен астам көлікпен толықты. Автопаркті жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасады.