Бұл жолы сенбілікке Ұңғымаларды бұрғылау және жерасты күрделі жөндеу басқармасының жұмысщылары шықты. Олар барлық ұжыммен база аумағын тазалап, 50-ге жуық жапырақты және жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызды.
«Кен орнын абаттандыру – бәрімізге ортақ іс. Сондықтан жыл сайын әр цех өз аумағын жасыл желекке айналдыру үшін көшеттер отырғызады», – деді БжҰЖКЖБ жұмысшылары.
Енді бұрғылаушыларды көшеттерге күтім жасап, суару сияқты зор жауапкершілікті талап ететін жұмыстар күтіп тұр. Игі іс жасау олар үшін дәстүрге айналған. Өйткені табиғатқа қамқорлықпен қарау – компанияның басты қағидаттардың бірі.