К 30-летию Независимости Казахстана | 01 желтоқсан 09:25

Қаражанбас делегаттары VII KDR форумына қатысты

Астанада «KDR-2022» форумы өтті.

Жыл сайынғы ауқымды іс-шара технологиялық сессияларға қатысу, үздік тәжірибелерді талдау, тәжірибе алмасу, іскерлік қарым-қатынас және байланыс орнату үшін жетекші қазақстандық және халықаралық бұрғылау серіктестерін, сервистік және технологиялық компанияларды біріктірді.

Өңірлік бұрғылау және өндіру секторының негізгі іс-шарасына әр түрлі компаниялардан 250-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында «Қаражанбасмұнай» АҚ Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының қызметкерлері бар.

 

ҚБМ делегаттары Қаражанбас кен орнында антиклиндік жүйесі бар мұнай шоғырын іріктеу технологиясын қолдану туралы баяндама ұсынды. БжҰЖКЖД жетекші инженері Ербол Айтқұлов өз сөзінде Негізгі кептелу тәуекелін және рейстер санын азайту үшін жаңа технологияны енгізу ұңғыма құрылысы мерзімін шамамен 7 күнге қысқартуға мүмкіндік бергені туралы айтып берді.

Форумға қатысушылар аталмыг әдістің қолданылуын оң бағалап, технологиялар трансферті, тәжірибе және идеяларымен бөлісті.

 

Айта кету керек, КDR іс-шарасы Бас серіктес «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қолдауымен өткізілді.