К 30-летию Независимости Казахстана | 23 қараша 17:12

Қаражанбас футбол құрамасы үздіктер қатарында

«Қаражанбамұнай» АҚ мұнайшылары 40+ жас санаты бойынша футзалдан (MFL) Ақтау қалалық ашық біріншілгіне қатысуда. Жарыста 14 команда, нақтырақ айтсақ мұнай компаниялары мен өндіріс, құрылыс сияқты бірқатар саланың жұмысшылары бақ сынап жатыр.

ҚБМ мұнайшылары алдымен «ФК Ақтау» командасымен кездесіп, 5:4 есебімен басым түсті. Тартысты ойынның келесі кезеңінде олар «Бұрғылау» командасына қарсы ойнады. Мұнда да біздің команданың асығы алшысынан түсіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының инженері Мақсат Ізтаев «Үздік ойыншы» атанды. Қазіргі нәтижеге сәйкес, ҚБМ құрамасы үздік үштік қатарында.

Айта кетейік, аяқдоп бәскесі 13 кезеңге созылады. Сондықтан ойыншыларды мықты кездесулер кұтіп тұр. Компаниялар намысын арқалаған командалар оң нәтиже көрсетуге барын салып келеді. Үміткерлер арасынан үздік деп танылғандарға чемпиондық кубок пен республикалық кезеңге жолдама беріледі.