К 30-летию Независимости Казахстана | 02 сәуір 11:37

Қаражанбас геологтарына құрмет

Кәсіби мереке қарсаңында «Қаражанбасмұнай» АҚ-да геология саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Қызметтегі жемісті де нәтижелі еңбегі үшін бірқатар геолог «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің Құрмет грамоталары мен естелік белгілеріне ие болды. Салтанатты іс-шара барысында ҚБМ Басқармасы әріптестерді құттықтап, компанияның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс білдірді.

«Бір кездері сала ардагерлері арқасында Қаражанбаста мұнай шоғырлары табылды. Ал геологтардың қазіргі буыны басталған істі абыроймен жалғастырып келеді. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комитетінің отырысында жаңа игеру жобасы сәтті қорғалды. Бұл Қаражанбастың болашағы жарқын екенінің айғағы», – дед ҚБМ Басқармасы.

Геология және игеру департаменті мамандарының кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы арқасында жыл сайын жаңа аумақтарды бағындыруға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қиын да маңызды сала мамандары олар үшін геология тек жұмыс емес, өмір салтына айналғанын айтады.