Қаражанбас мұнайшылары облыстық волейбол турнирінің жеңімпазы атанды.
Республика күні қарсаңында ҚР Мәдениет саласының үздігі, композитор, Қаражанбас әнұранының авторы марқұм Сағынғали Нұрғожаевтың 70 жылдығына орай ерлер арасында жарыс өтті. Сайыста әр түрлі саланы серік еткен жұмысшылардан құралған 7 команда бақ сынады.
Турнир кестесіне сәйкес ҚБМ құрамасы іріктеу кезеңінде «Шайыр» және «Legion» командаларымен кездесті. Ал жартылай финалда 2:0 есебімен «МАЭК» құрамасынан басым түсті. Ақтық бәсекеде «Шайыр» командасын 2:0 есебімен жеңіп, чемпион атағын абыроймен қорғады.
Жеңімпаздарға дипломдар, медаль мен кубок және қаржылай сыйлық сертификаты табыс етілді.