Нұрзила Әбішова компанияда 37 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Қызметін ұңғымаларды ғылыми зеттеу және өндірістік жұмыстар цехының технигі болып бастаған ол, кейін қызметін қоршаған ортаны қорғау бағытында инженер, жетекші инженер, бөлім басшысы болып жалғастырды. Кен орны мен орталық кеңсенің жұмысын бес саусағындай білетін тәжірибелі маман Қаражанбастың экология саласына сүбелі үлес қосқан қызметкердің бірі.
«Қоршаған ортаны қорғау тек қызмет емес,өмір салтыма айналды. Ұзақ жылғы еңбегімізді ескеріп, құрметке бөлеген басшылыққа алғысым шексіз. Компаниямыз қарыштап дами берсін! Әріптестерімді Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау және эколог күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді Нұрзила Әбішева.