К 30-летию Независимости Казахстана | 16 қараша 11:31

Қаражанбас кен орнынан алынған мұнай – битум өндірісі үшін таптырмас шикізат

Құрамында асфальт-шайырлы заттары мол Қаражанбастың ауыр мұнайы жоғары сапалы жол битумына қажетті гудрон өндіруге өте қолайлы. 

Ақтау битум зауытына (CASPI BITUM) шикізатты бүгінде тек «Қаражанбасмұнай» АҚ («ҚазМұнайГаз» 50% және CITICRecourses 50%) жеткізетіні бекер емес.

ҚазМұнайГазға қарасты мұнай өндіруші кәсіпорындар мемлекеттік жол құрылысы жобаларын іске асырудың маңызын және еліміздің жол-құрылыс саласының битум өнімдеріне қажеттілігін ескеріп, шикізатты алдымен ішкі нарыққа жөнелтеді.

 

CASPI BITUM қазіргі өңдеу қуаты – 1 млн тонна. Ал 2025 жылдан бастап өндіріс қуатын 1,5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.