Жатақханаға Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментінің жұмысшылары қоныстанады.
Модульдік нысан әрқайсысының аумағы 500 шаршы метрге жуықтайтын 4 блоктан тұрады. Ғимарат металл жақтаудан жасалған және «сэндвич» типті сыртқы қабырға панельдерімен қапталған. Әр блок 3 адам сиятын 16 бөлмеден тұрады.
Бөлмелер жарық, жайлы, әрі қажетті техникалармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ мұнда демалыс, санитарлық, техникалық персоналға арналған және қазандық бөлмелері бар.