Көрме үш бөлімнен тұрады. «Ұлттық рухтың шырағы» атты бірінші бөлімде жазушының өмірі мен қызметі туралы энциклопедиялар, анықтамалар мен әдебиеттер ұсынылған. Ал «Тарихи роман табиғаты» атты екінші бөлімге «Алтын Орда», «Қызыл террор» кезеңіндегі Алаш-Орда қиялының күйреу тарихын суреттейтін «Қатерлі өткел» романы, Маңғышлақ қазыналы түбегіндегі мұнайшылардың ерлікті еңбектерінің тарихын баяндайтын «Қара алтын» (Маңғыстау майданы) романы, Кеңес дәуіріндегі еңбек пен махаббат тақырыбы арқау болған «Алтын құс» романы, «Көшпенділер» трилогиясы қойылған.
«Халық жүрегіндегі қаламгер» атты үшінші бөлім сөресінен Ілияс Есенберлин шығармашылығы туралы «Жан сырым» атты Қазақстанның белгілі жазушыларының естеліктері, әдебиеттанушылардың еңбектері мен ойлары, нақыл сөздері туралы кітабы мен естелік суреттерді табуға болады.
Биыл қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі бірқатар көрнекті өкілдің мерейтойы. Осыған орай мұнайшылардың рухани байлығын молайтып, өлең-жырмен сусындату үшін түрлі бағыттағы мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған.