Бурабайда өткен Азия чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен, сондай-ақ Үндістан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстаннан барлығы 300-ден астам спортшы жиналды. Десек те, Қаражанбас мықтыларына тең келер ешкім болған жоқ. Олар керемет нәтиже көрсетіп қана қоймай, жеңіс жолында ерекше ерік-жігер мен табандылық танытты.
Осылайша, мұнайшылар компанияның абыройын қорғап қана қоймай, еліміздің байрағын халықаралық аренада желбіретті.