Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен жарысқа 15 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысты. Тартысты додаға әр үміткер ерекше дайындықпен келген. Қаражанбастықтар үш аталым бойынша бақ сынап, 73 келі салмақ дәрежесінде Нартай Алтыбаев ардагерлер, ерлер арасында және эстафетадан бірінші орынды жеңіп алды.
95 келі салмақта өнер көрсеткен Айдын Ахметов те жаттықтырушысының жетістігін қайталап, үш аталым бойынша шашасына шаң жұқтырмады. Нәтижесінде қос мұнайшы Қазақстан қоржынын 6 алтын медальмен толықтырды.
Чемпиондар үшін нағыз жауапты кезең енді басталды. Олар қазірден бастап алдағы Әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Кір тасын ұршықша иірген мұнайшылар намысты қолдан бермеуге барын салатынын айтады. ҚБМ басшылығы мен еңбек ұжымы чемпиондарды құттықтай отырып, жеңісті күндердің көп болатынына сенімді.