Қостанайдағы іріктеу жарысында барлық өңірдің үздік атлеттері кір тасын серпе және ұзын циклге көтеру бойынша сынға түсті. Нартай 78 келіге дейін, ал Айдын 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қаражанбастықтар қарсыластарынан басым түсіп, өз мықтылығын тағы дәлелдеді.
Айта кету керек, Маңғыстау облысында кір тасын көтеру спорты спорттың басқа түрлері сияқты қарқынды дамып келеді. Оның танымал болуына Айдын және Нартай сияқты спортшылар елеулі үлес қосуда. Қызу дайындыққа кіріскен мұнайшылар жақын арада Нью-Делиге аттанады.