Абай облысында өткен балуандар бәсекесінде еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ден астам қатысушы бақ сынады. Олардың әрқайсысы жеңіс тұғырынан көріну үшін мықты дайындықпен келген. 45-49 жас көрсеткіші бойынша 64 келі салмақта боз кілемде белдескен Сәндібек Дүйсенбековке ІІІ орын бұйырды. Дәл осы салмақта 40-44 жас аралығындағы қатысушылар ішінен Бауыржан Есболаев шашасына шаң жұқтырмай, ел чемпионы атанды.
«Осылайша қаражанбастық мұнайшылар Азия чемпионатына жолдама алды. Олар маусым айында Астанада өтетін жарыста ел намысын қорғау үшін қызу дайындықты бастап кетті. ҚБМ басшылығы мен еңбек ұжымы атынан қос балуанды жеңісімен құттықтаймыз», – делінген ҚБМ баспасөз қызметінің хабарламасында.