К 30-летию Независимости Казахстана | 15 тамыз 08:30

Қаражанбас мұнайшылары қала тазалығына қырағы

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшылары демалыс күндері қалада тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшеттерді суарды.

Бұл жолы кесте бойынша бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу басқармасының жұмысшылары Тарас Шевченко ескерткішінің аумағындағы саябақта сенбілік өткізді. Алдымен арамшөптерді жұлып, қоқыстарды жинаған қызметкерлер, кейін көктемде еккен көшеттерді молынан суарды.

 

Қала көркіне көрік қосып тұрған мұнайшылар қамқорлығындағы саябақтың бірі - Тобанияз ескерткіші жанындағы алаң. Технологиялық көлік басқармасының 10-нан астам қызметкерлері бұл аумақтағы жас өскіндерді үнемі күтіп-баптайды. Соның нәтижесінде саябақ әрдайым таза, ал көшеттер күннен-күнге жайқалып өсіп келеді.

ҚБМ ұжымы үшін қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау аса маңызды. Сондықтан эко-науқандар жыл бойы жалғасын табады.