К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 10:00

Қаражанбас мұнайшылары құқықтық сауаттылығын нығайтты

«Қаражанбасмұнай» АҚ мұнайшылары кәсіподақ қызметінің заңнамалық негіздері және құқықтық саладағы біліктілігін арттырды. ҚБМ кәсіподақ ұйымдары өткізген оқыту семинарларына 40-тан астам жұмысшы қатысты.

Мұнайшыларға елордалық заманауи қоғамды зерттеу институтының мамандары дәріс оқыды.

Бағдарламаға сәйкес, ҚР Еңбек кодексінің маңызды тармақтары, жұмыс барысындағы ережелер мен заңды міндеттер, еңбекақы төлеу тәртібі, әлеуметтік әріптестік туралы айтылды. Сонымен қатар, еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесінің функциясына баса назар аударылып, мұнайшылардың біліктілік арттыру мәселелері талқыланды. ҚБМ-да аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

 

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ оларға оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.