К 30-летию Независимости Казахстана | 07 қыркүйек 09:18

Қаражанбас мұнайшылары марапаттарға ие болды

«Қаражанбасмұнай» АҚ жұмысшыларына кәсіби мерекеге орай марапаттар беру жалғасып жатыр.

Бұл жолы орталық кеңсенің 20-ға жуық маманына ҚР Энергетика министрлігінің төсбелгісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісі мен құрмет грамоталары, «Самұрық-Қазына» АҚ құрмет грамотасы, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

ҚБМ Басқармасы мұнайшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ел ырысын еселеу жолындағы адал да игілікті істеріне алғыс білдірді. Мерекелік марапат алғандардың бірі – перспективалық даму және тәуекелдерді басқару департаменті директоры Қайрат Нұрмұханов. Ол өмірінің 30 жылдан астам уақытын еліміздің мұнай саласының қарыштап дамуына арнаған қызметкер. Кәсіби мерекеде тәжірибелі маманға Энергетика министрлігінің төсбелгісі табыс етілді.

«Кез келген өндірістік көрсеткіштердің артында мыңдаған адамдардың еңбегі тұр. Біздің кен орнымыз талай кәсіби білікті мамандарды тәрбиелеп келеді», – деді Қайрат Нұрмұханов.