17 тамыздағы мәлімет бойынша мұнайшылардың 28%-ы екпе салдырды. Оның ішінде 222-сі кеңсе қызметкері, ал 1 062 жұмысшы кен орнында жұмыс істейді.
«Қаражанбасмұнай» АҚ-да вакцина салдыру қолжетімді. Ол үшін кен орны мен «Нейрон» медициналық орталығында егу пункттері жұмыс істеп тұр.
Айта кету керек, Маңғыстау облысында коронавирустық инфекциямен ауырып жатқандар саны күн сайын артып келеді. Қазақстан бойынша Түркістан облысы ғана жасыл, қалған өңірдің барлығы қызыл аймақта. Ал вирустан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина алу.